Жалағаш ауданы әкімдігінің қолдауымен «Жалын» жастар сыйлығын табыстау қорытынды шарасы өткізілді.

Шара барысында жас кәсіпкерлердің арнайы көрмесі қойылды. Көрмеге қолөнер шеберлері, жас өнертапқыштар және жаңа бизнес-идеяларды дамыту мақсатындағы шағын грант иегерлері қатысты. Жалағаш жастарының басын қосқан бұл жиынға Жалағаш ауданы әкімі Асқарбек Есжанов арнайы қатысып, аудан көлемінде жастарды қолдауға арналған жаңа мүмкіндіктерге тоқталып өтті. Аудан басшысының құрметіне бөленген жас буын өнерлерін ортаға салды.

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы жоғары деңгейде жүргізілуде. Оған дәлел, Жалағаш жастары барлық саладан облыс көлемінде үздіктер қатарында. Осы тұрғыда аудан әкімі Асқарбек Есжанов «Жалын» жастар сыйлығын және 100 000 теңге қаржылай сертификатты өз саласының үздігі атанып жүрген 10 жасқа табыстады және белсенділік танытып жүрген ауылшаруашылық, кәсіпкерлік салаларындағы бірқатар жастарды марапаттады. Дәстүрге айналған аталмыш марапат жастардың белсенді жұмыс жасауына ерекше қарқын беріп келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!