Әрбір отбасы өз алдына жеке бір – Отан. Адамның жеке басының құндылықтары – бойындағы адамгершілік, әділеттілік, ізеттілік белгілері отбасында қалыптасады. Отбасы осы Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, ортаға қосатын маңызды орта.
Отбасының берекесі оның толыққандығында. Болашағымыз жарқын болсын десек, саналы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе елімізде ажырасу санын азайтып, жанжалдасып қалған отбасылар арасындағы дауларды сотқа жеткізбей, оны ушықтырмай бітіммен, ымырамен шешу жолдарын түсіндіріп, көрсетуіміз керек.
Балалар өз отбасында жақсы тәрбие мен қамқорлықты ала алады, тек қана отбасы баланы болашақ үлкен өмірге дайындайды.
Әрбір ата – ананың міндеті – балаларына қамқор болу, олардың жан-жақты және үйлесімді дамуы, рухани өсуі үшiн қажеттi жағдай жасау, балаларын жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу болып табылады.
Халқымыздағы «Отан отбасынан басталады», «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген дана сөздер бекер айтылмаса керек. Отбасының беріктігі – Отанның беріктігі. Қоғамның іргетасы отбасынан басталады. Сондықтан отбасы мықты болса, одан құралған қоғам да соншалықты мықты болады.
Қоғамдағы құндылықтардың бастау бұлағы – отбасылық құндылықтар, ал байлықтың ең үлкені – иманды, парасатты ұрпақ.
Тәрбие-талбесіктен басталады. Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуде отбасы үлкен рөл атқарады. Ата-ананың мейірімін көріп өскен бала ертеңгі мемлекетіміздің абыройы.
Жаңақорған аудандық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Б.Қалдыбаев
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!