Фото: Видеодан скриншот

Украина полициясы қастандыққа ұшыраған оппозиционер Айдос Садықты өлтірмек болған қылмыскерлерді тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айдос Садыққа оқ атты деген күдікпен ұсталғандар Қазақстанның екі азаматы болып шықты. Біреуі – 33 жастағы Мейрам Қаратаев және 36 жастағы Алтай Жақанбаев.

Айдос Садықтың әйелі Наталья Садықтың айтуынша, олар оны өлтіруге бұйрық алған.

“Олар 2 маусымда Киевке келіп, жалдамалы пәтерлерде тұрып, Айдосты аңдыған. Осылайша қылмысты жоспарлаған”, – деді Наталья Садық. 

Сөзінше, Мейрам Қаратаев Қостанай облыстық ІІД қызметкері, қызметкерлер арасында оқ ату жарысында бірінші орынды иеленді.

“Тоқаевты қастандық жасады деп босқа айыптаған жоқпын, оны кәсіпқой адам атты деп айтқанымда да қателеспедім. Менің украиналық полицейлерге құрметім шексіз. Айдостың жағдайы бұрынғыдай”, – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!