Фото: ашық дереккөзден
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сарапшылар 2024 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 83 мың адамды құрағанын мәлімдеді. Олардың орташа жасы – 39-40 жыл, жұмыс өтілі – 10-12 жыл.
Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі тұрақты және 55,5% құрайды, оның 39,2% басшылық лауазымдарда.
Жастардың үлесі 2018 жылғы 24,6%-дан 2022 жылы 17,8% дейін төмендеді.
Сондай-ақ институтта мемлекеттік қызметшілердің 68% некеде тұрғанын айтты.
Олардың ішінде:
- 42% – 35 жасқа дейінгі жастар.
- 30,5% — орта жастағы адамдар (36-45 жас).
- 27,3% – егде жастағы адамдар (46-63 жас).
Мемлекеттік қызметшілер отбасыларының 64% – дан астамының балалары бар, олардың 14% – ы көп балалы ата-аналар.
Еске сала кетейік, 23 маусымда Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтіледі. Тоқаев құттықтауын әлеуметтік желілерде жариялады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!