Фото: yassy-tur.kz

Қыркүйек айының 10-12 аралығында облыстық «Қауіпсіз мектеп» жедел профилактикалық іс шарасы өтті.

Мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу. Сондай-ақ, мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандарды қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтарды болдырмау. «Қауіпсіз мектеп» акция барысында қала аумағындағы барлық мектеп оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен оқушы, ата-аналар арасында жиналыс ұйымдастырылды. Оқушыларға мектеп, үй, ғимарат, су, жол мен көліктегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына бөтен кісімен сөйлеспеу, еріп кетпеу ережелері таныстырылуда. Қауіпсіздік шараларын сақтау балалардың амандығы екенін ескертеміз.

А. ПРЕЖЕКЕНОВ,
Қызылорда КПБ ЖПҚб ЮПб бастығы, полиция капитаны

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!