Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 9 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Солтүстіктегі атмосфералық фронттардың әсерінен елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың қалған аумақтарында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, солтүстігінде, шығысында, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!