Фото: freepik.com

Алматыда екі оқушы қыз белгісіз жағдайда тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлап қазап тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жергілікті тұрғындардың дерегінше оқиға Жамбыл мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Қыздар тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлаған.

Полиция болған оқиғаны растады. Қалған жағдайлар әлі нақтылануда.

«Аталған факті бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себептер мен мән-жайлар анықталуда», – деді Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!