Фото: скрин
16 қыркүйек сағат 18:30 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 526-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Cadillac Escalade» маркалы көлігінің жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығып кетіп, сол бағытта келе жатқан «DAF» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан «Cadillac Escalade» көлігі өз жолағына түсіп, «Газель» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығысқаннан кейін екі көлік те бірден өртеніп кеткен.
Оқиға орнында 37 жастағы «Газель» автокөлігінің жүргізушісі, 30 жастағы «Cadillac Escalade» көлігінің жүргізушісі және оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде 2 жасар бала бар, – делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!