Фото: Gian Ehrenzeller / EPA / TASS

Юлия Навальная ВВС-ге берген сұхбатында ресейліктерге үндеу жасады, жазады inbusiness.kz сайты.

«Мені қолдайтын адамдар көп. Мен де оларға қолдау білдіргім келеді. Ендігі мақсатым – ел ішінде көптеген өзгерістерді жасау. Егер мен Ресейге оралсам, президенттікке кандидат ретінде сайлауға түсемін”, – деді ол.

Оның сөзінше, әзірше Мәскеуге аяқ баса алмайтын көрінеді.

«Ресейге барсам, мені тұтқынға алуы мүмкін. Сол себепті күйеуімнің жерлеуіне де қатыса алмадым. Қазір Ресейде маған қатысты экстремистік ұйымға қатысы бар деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Әрине мен «сиқыршы емеспін». Ресейде қалай бірден өзгеріс енгізуге болатынын білмеймін. Дегенмен үлкен өзгеріс жасай алмасам да, күн сайын кішігірім істермен айналысып, бір қадам жақындағым келеді. Оған неғұрлым көп адам ұмтылса, соғұрлым уақыты тез келеді», – дейді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!