Тәуелсіздік алдық біз азаптықпен,


Тыныш таңдар атып жатыр азаттықпен.

Мен қуанам тәуелсіз ел ұланымын,


Қазақ елін қорғаймын, батырлықпен.

Азаттық баға жетпес қымбат құны,


Ашылмаған қаншама жұмбақ сыры.

Ай менен жыл жетпейді айтар болсақ,


Батырлар мен зиялылар мұңды жыры.

Тәуелсізбіз, азатпыз

Бейбіт күнге жетуде төгілді қан,


Қаншама көкке ұшты бейкүнә жан.

Еске алсақ әрине сол жылдарды,


Естісең қарағым, сен қаласың таң.

Қайрат пен Ләззаттардың батырлығы,


Нұрсұлтанның халқына жақындығы.

Көрінді сол алаңда біле білсең,


Мұхтардың кереметтей ақындығы.

Қазақ елін қазақ ері қолға алды,


Аямады, кеудедегі жұмыр жанды.

Рухы өшпес тектіліктің ізін жалғап,


Алға қарай тек қадам деп еске салды.

Кәзір міне, үлгі болдық басқа елге,


Енді араздық болмасын байтақ жерге!

Қазақпын деп мақтанам мен әрқашан,


Мақтануға лайықтысың мына сен де!

Тәуелсіздік алғалы дамығанбыз,


Тарихтың сырларына қанығамыз.

Тектілікті ту еткен қазақпын мен,


Тебіреніп жыр-шашулар арнағанбыз.

Тәуелсізбіз, азатпыз

***

Тәуелсізбіз, азатпыз

Батыстан шыққан батыр қыз


1941-дің кезі еді,


Бейбіт өмір сүріп жатқан қазақ елі.

Соғыс деген аяқ асты көтеріліп,


Селт еткізді тыныш жатқан бүкіл елді.

Бұл жаңалық тарап кетті күллі әлемге,


Естігендер ызаланды ол Гитлерге.


Жастар рухы оянып қарап жатпай,

Зияны тимес үшін өз еліне.

Өжеттілік көрсетті кереметтей,


Отты қару ұстады пулеметтей.

Сол ортаны бояды қызыл қанға,


Тәуелсіз мәңгі өмірді меңзегендей.

Өз өмірін Отан үшін отқа салды,


Жаңбырша жауған көріп көзбен қанды.

Бойжеткен Мәншүк алпауыт мына алаңда,


Аямай кеудедегі жұмыр жанды.

Көрмесең де көзбен жеңіс кереметін,


Із қалдырдың, еліңе гүл болып егілетін.

Біз ұрпақ ерлігіңнен шабыт алған,


Тең қылып ұстап тұрмыз керегесін.

Дайынмын мен жырлар өлең арнауға.


Батыр қыз ел жадында қалғанда.


Сенде өрен қарап қалма ешқашан,

Лайықтысың Мәншүк жолын жалғауға.

Нұркелді ӨТЕПБЕРГЕН,

М.Мәметова атындағы педагогикалық колледждің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!