Бішкекте Қой-Таш оқиғасына байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Бішкектегі Первомай аудандық соты Қой-Таш оқиғаларына байланысты бес жылдан астам уақытқа созылған қылмыстық істің үкімін жариялады.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, барлық мемлекеттік наградаларынан айырылатын болды. Ол мемлекетке 5,4 млрд сом өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бұрынғы вице-премьер Асқарбек Шадиев 15 жыл 6 айға сотталды, мүлкі тәркіленеді. Ол да мемлекетке Атамбаевпен бірге өтемақы төлейді және бостандыққа шыққан соң 3 жыл бойы мемлекеттік қызметке тұра алмайды.

Сот басқа Фарид Ниязов пен Равшан Жээнбековке 7 жыл 8 айға, ал Қанат Сағымбаевқа 7,5 жылға да жаза тағайындады.

Кейбір сотталушыларға пробациялық бақылау белгіленсе, бірқатары қылмыстық істің мерзімі өтуіне байланысты жазадан босатылды.

Осылайша, сот 2019 жылғы жазда Қой-Таш ауылындағы резиденциясында Атамбаевты ұстау әрекетінен  басталған Қырғызстандағы соңғы жылдардағы ең даулы істердің біріне нүкте қойылды.

Атамбаев бірнеше қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылды. Олардың қатарында Қой-Таш ауылынан заңсыз жер телімдерін алу, Бішкек ЖЭО-ын жаңғырту кезіндегі жемқорлық, сондай-ақ 2019 жылғы 7–8 тамыздағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру бар.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың жазында Бішкек аудандық соты бұрынғы президентті 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуге үкім еткен болатын.

Кейін, 2020 жылдың қазан айында наразылық білдірушілер оны  босатып алғанымен, бірнеше күннен кейін ол жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыппен қайта қамауға алынды. Атамбаев үйқамақта болған, алайда сол жылдың қарашасында бұл үкімнің күші жойылған.

Ол 3,5 жыл түрмеде отырған соң бостандыққа шығып, екінші үкім де жойылды. Босап шыққаннан кейін ол Қырғызстаннан кетіп, Испанияға аттанды.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстан президенті қызметін 2011–2017 жылдары атқарған. Екі рет премьер-министр болған. 2017 жылы оған Қырғызстан Батыры атағы берілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!