Фото: Istockphoto.com
Оңтүстік Корея билігі елдерінде заңсыз жүрген 15 мыңға жуық Қазақстан азаматын елге қайтару туралы талап қойып отыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің мәліметінше, мемлекеттік органдар жауапты ведомство дайындаған келісімшартты мақұлдап, құжат Оңтүстік Кореяға Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберілген. Қазіргі таңда бұл құжат Кореяда қарастырылып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!