Фото: Синьхуа

2024 жылы Қытай-Еуропа теміржол бағыттары бойынша қатынаған жүк пойыздары шамамен 2,07 млн контейнер жүк тасымалдады. Бұл туралы «Қытай теміржолдары» мемлекеттік компаниясы хабарлады, деп жазады KAZINFORM.

− 2030 жылға қарай Қытайда пайдалануға берілген жоғары жылдамдықты
теміржолдардың жалпы ұзындығы қазіргі 48 мың шақырымнан 60 мың шақырымға жетеді деп жоспарлануда, – деп жазды Xinhua агенттігі «Қытай теміржолдарына» сілтеме жасап.


2024 жылдың соңында Қытайдағы теміржолдардың ұзындығы 162 мың шақырымды құрады, ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 180 мың шақырымға жетеді деп күтіліп отыр. 

Компанияның мәліметінше, 2025 жылы теміржол секторындағы негізгі қорларға салынатын инвестициялар 590 млрд юань (шамамен 82,08 млрд АҚШ доллары) болады деп болжануда.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Қытайда 2,3 мың шақырым жаңа жоғары жылдамдықты теміржолдар пайдалануға берілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!