Фото: Википедия

Іnbusiness.kz. Тізімде аталған елдердің әскери күші 50-ден астам түрлі талаптар негізінде бағаланған.

Әскери әлеуетті анықтау барысында мемлекеттердің экономикалық жағдайы да маңызды рөл атқарған. Pwrindx мәні неғұрлым аз болса, ел соғұрлым күшті армияға ие болады.

PwrIndx күш-қуат индексі зерттеу кезінде 60-тан астам факторды ескере отырып, елдің Қарулы Күштерінің қаншалықты қуатты екенін салмақтайды. PwrIndx индексіне – сарбаздар, танктер, ұшақтар мен кемелер саны, сондай-ақ экономикалық тұрақтылық пен географиялық өлшем факторлары да жатады.

АҚШ

  • Адами ресурсы: 149 452 652 сарбаз.
  • Танктері: 4 657.
  • Әуе күші: 13 209 ұшақ.
  • Авиатасымалдаушылар саны: 11.
  • Сүңгуір қайықтары: 64 кеме.
  • Ядролық оқтұмсықтар: 5 244.
  • Әскери бюджеті: 831 781 000 000 $.

Америка Құрама Штаттары әлемдегі ең қуатты әскерге ие. Оларда жаяу әскермен қатар, түрлі әскери әлеует саласындағы заманауи технологиялар бар.

Сонымен қатар, АҚШ әлемдегі ең үлкен саяси және мәдени ықпал етуші және ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялардың көшбасшысы ретінде өзін мойындатып отыр.

АҚШ-тың әскери әуе паркі  әлемде 1-орында (13 209 ұшақ), бронды техника бойынша 5-ші орында (4 657 танк), сондай-ақ дамыған теңіз-флоты бар.

Ресей

  • Адами ресурсы: 69 432 472 сарбаз.
  • Танктері: 14 777.
  • Әуе күші: 4 255 ұшақ.
  • Авиатасымалдаушылар саны: 1.
  • Сүңгуір қайықтары: 65 кеме.
  • Ядролық оқтұмсықтар: 5 889.
  • Әскери бюджеті: 109 000 000 000 $.

Украинадағы екі жылдық соғыста жоғалтқан айтарлықтай шығындарына қарамастан, Ресей әскері әлі де әлемдегі ең көп және толық қаруланған Қарулы күшке жатады. Алайда, қазіргі таңда орыс әскері халықаралық санкциялар әсерінен кадр жетіспеушілігі мен материалдық базаның жеткіліксіздігіне тап болып отыр.

Ресейдің әскері танктер мен броньды машиналар бойынша 1-орында (14 777 танк) және үлкен әскери-теңіз күштері (1-орын, 781 кеме мен сүңгуірлері) бар. Әуе күштері бойынша әлемде 2-орында (4 255 ұшақ).

Қытай

  • Адами ресурсы: 763 097 137 сарбаз.
  • Танктері: 5 000.
  • Әуе күші: 3 304 ұшақ.
  • Авиатасымалдаушылар саны: 2.
  • Сүңгуір қайықтары: 61 кеме.
  • Ядролық оқтұмсықтар: 500.
  • Әскери бюджеті: 227 000 000 000 $.

Қытай әскери әлеуетін күшейту жолында жыл санап күшейіп келе жатқан ел. Әлемде ірі экономикалық нарыққа ие бола тұра, сарапшылар қытай әскерінде соғыс тәжірибесі жоғары дамымаған деп есептейді. Өйткені, Қытай тауар экспорты мен шикізат импортына тәуелді мемлекет.

Қытай әскери шығын жөнінен әлемде екінші мемлекет. Ал, сарбаз саны бойынша әлемде 1- орында. Әскери ұшақтар мен тікұшақтар санынан 3-орынға (3 304 ұшақ) ие. Бронды техникасы 5 000 танкпен 4-орынға және әскери кемелер саны бойынша әлемде екінші (730 кеме) орынды иеленеді.

Үндістан

  • Адами ресурсы: 657 614 405 сарбаз.
  • Танктері: 4 614.
  • Әуе күші: 2 296 ұшақ.
  • Авиатасымалдаушылар саны: 2.
  • Сүңгуір қайықтары: 18 кеме.
  • Ядролық оқтұмсықтары: 164.
  • Әскери бюджеті: 74 000 000 000 $.

Соңғы жылдары қорғаныс саласында қатты дамып келе жатқан Үндістан ірі әскери әлеуетке қол жеткізді және қару-жарақ пен әскери техникасын жедел байытты. Сонымен қатар, сарбаз саны да қауырт өсті. Оған себеп – халқының көптігі, өндірістік база мен технологиялық ілгерілеу және геосаяси жағдай ерекше ықпал етіп отыр.

Оңтүстік Корея

  • Адами ресурсы: 25 983 474 сарбаз.
  • Танктері: 2 501.
  • Әуе күші: 1 576 ұшақ.
  • Авиатасымалдаушылар саны: 0.
  • Сүңгуір қайықтары: 22 кеме.
  • Ядролық оқтұмсықтары: 0.
  • Әскери бюджеті: 44 700 000 000 $.

Оңтүстік Корея қару-жарақ пен техниканы жаңартуға белсенді түрде инвестиция салуда. Өздерінің отандық әскери техникаларын, соның ішінде танктерді, дыбыстан жылдам ұшақтар мен әскери кемелерді құрастыра бастады.

Әскери-әуе күштерінің саны бойынша Оңтүстік Корея 5-орында (1 576 ұшақ). Танк санынан 9-орында (2 501 танк) және әскери-теңіз күштері бойынша 15-орынға (200 кеме) ие.

Ұлыбритания

  • Адами ресурсы: 31 343 703 сарбаз.
  • Танктері: 213.
  • Әуе күші: 664 ұшақ.
  • Авиатасымалдаушылар саны: 2.
  • Сүңгуір қайықтары: 10 кеме.
  • Ядролық оқтұмсықтар: 225.
  • Әскери бюджеті: 62 816 382 000 $.

Біріккен Корольдікте әлемдегі ең қуатты әскерилер бар. Оның әскері озық технологиялармен жабдықталған және сарбаздардың дайындығы да мықты. Сонымен қатар, Ұлыбритания халықаралық әскери операцияларға белсенді қатысушысы және НАТО-ның мүшесі.

Жапония

  • Адами ресурсы: 53 199 272 сарбаз.
  • Танктері: 518.
  • Әуе күші: 1 459 ұшақ.
  • Авиатасымалдаушылар саны: 0.
  • Сүңгуір қайықтары: 23 кеме.
  • Ядролық оқтұмсықтар: 0.
  • Әскери бюджеті: 53 000 000 000 $.

Жапонияның Қарулы күштері Қиыр Шығыс аймағындағы жетекші әскерлердің бірі ретінде мойындалып отыр. Жапония – өзінің күшті және заманауи әскерімен аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Түркия

  • Адами ресурсы: 42 716 270 сарбаз.
  • Танктері: 2 231.
  • Әуе күштері: 1 069 ұшақ.
  • Авиатасымалдаушылар саны: 0.
  • Сүңгуір қайықтары: 12 кеме.
  • Ядролық оқтұмсықтар: 0.
  • Әскери бюджеті: 40 000 000 000 $.

Түрік жауынгерлері, сарапшылардың пікірінше, әлемдегі ең дайындығы жоғары сапалы әскер. Олар НАТО стандарттары бойынша оқытылады. Түрік әскері соңғы уақытта көптеген жаттығулар өткізіп, әуе шабуылын жақсы дамытты.

Қазақстан

Global FirePower (GFP) сараптама орталығының есебі бойынша Қазақстан 2024-жылғы әскери әлеует бойынша 60-орынға табан тіреді.

Еліміздің Қарулы күші жайлы айтар болсақ, біз Орталық Азияда көршілес Өзбекстан Республикасынан кейін ең көп әскері бар мемлекет боп саналамыз. Көпвекторлы саяси бағыт ұстанғандықтан да Қазақстанның экономикасында біршама тұрақтылық пен халықаралық саяси аренада танымалдылық бар.

  • Адами ресурсы: 8 660 607 сарбаз (әлемде 60-орында).
  • Танктері: 310 (әлемде 48-орында).
  • Артиллерия саны: 450 (әлемде 27-орын).
  • Әскери-әуе күштері: 237 ұшақ (әлемде 40-орын).
  • Әскери бюджеті: 3 900 000 000 $ (әлемде 49-орын).

Қазақстан Қарулы күштерінің жалпы саны 39 мың адам, ал Ұлттық Ұлан мен басқа да әскери құралымдарда 70 500 сарбаз. Іскер қатарына шақыру қызметі (18 жастан 27 жасқа дейін) – 12 ай.

2002 жылдан бастап Қазақстан НАТО-мен серіктестіктің жеке жоспары негізінде ынтымақтаса отырып жауынгерлік жаттығулар жүргізеді. ҰҚШҰ мен ШЫҰ құрылымдарына әскери мүшелік – Қазақстан Республикасын сыртқы ықтимал қысымнан немесе саяси агрессиядан қорғауға арналған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!