Фото: Stan.kz | Аарон Тейлор
34 жастағы британиялық актер Аарон Тейлор-Джонсон әлемдегі ең әдемі ер адам деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұндай қорытындыға лондондық косметикалық хирург доктор Джулиан Де Сильва келді. Ол актердің бетін алтын іспеттес деп салыстырды.
Сарапшының айтуынша, оған 93,04 пайызы дауыс беріп, үздіктер қатарынан көрінді.
«Эмили в Париже» сериалының жұлдызы, 32 жастағы актер Люсиен Лависконт 92,41 пайыз көрсеткішімен екінші орынға ие болды. Үшінші орында 28 жастағы актер Пол Мескаль тұр, ол 92,38 пайыз жинады.
Бұған дейін Аарон Тейлор-Джонсонның «Пипец» фильмінен белгілі жаңа Джеймс Бонд рөліне үміткер екені хабарланған еді.
Еске салайық, бұған дейін әлемдегі мінсіз бет-әлпетке ие, ең сұлу әйел анықталғанын жазған едік. Ең әдемі әйел ретінде америкалық-британдық актриса және модель Аня Тейлор-Джой таңдалды. Маман «Queen’s Move» телехикаясы жұлдызының бетін алтын қатынас ережесімен салыстырды. Оның пропорциялары 94,66 пайызға жетуге жақын екені анықталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!