фото: pixabay.com

Henley & Partners компаниясы әлемдегі ең бай қалалардың рейтингісін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рейтингтің көш басында – Нью-Йорк (АҚШ) тұр, онда 384 500 өте бай адам тұрады, олардың 66-ы – миллиардерлер. Бұл адамдардың ең кедейі де кем дегенде 1 миллион долларлық байлыққа ие.

Сан-Франциско 2-орынға Кремний алқабымен бірге шықты. Бұл аймақта 342 000 адам ресми түрде бай немесе миллионер деп саналады, ал миллиардерлер саны – 82, бұл Нью-Йорктен көп.

Әлемдегі ең бай 10 қала:

Нью-Йорк (миллионерлер – 384 500, миллиардерлер – 66);

Сан-Франциско (342 000 / 82);

Токио (292 300 / 18);

Сингапур (242 400 / 30);

Лос-Анджелес (220 600 / 45);

Лондон (178 000 / 23);

Париж (160 100 / 22);

Гонконг (154 900 / 40);

Сидней (152 900 / 22);

Чикаго (127 100 / 25).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!