KAZINFORM – Хаби Леймді АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) ұстады. Оған елден өз еркімен кету ұсынылды, деп жазды Анадолы агенттігі.

Бұл туралы ICE таратқан хабарламада айтылған.

Сенегалдық тегі бар Хаби Лейм TikTok платформасында ең көп жазылушысы бар қолданушылардың бірі. Оның аудиториясы — 162,2 миллион.

Хабарламаға сәйкес, иммиграциялық агенттер Леймді Лас-Вегаста визасының мерзімі өтіп кеткені үшін ұстаған.

Әлеуметтік желідегі жұлдызды таныстыратын Sharks Celebrities агенттігі ICE-тің бұл мәлімдемесін «жалған ақпарат» деп атады. Агенттіктің айтуынша, блогер бұл айда АҚШ-та болмаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трампты сынап жүрген танымал түрік-америкалық онлайн-стример Чикагодағы О’Хара халықаралық әуежайында ұсталып, сұраққа алынған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!