фото: stan.kz

Әзірбайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Ресейге қоятын талаптары туралы мәлімдеме жасады.

29 желтоқсанда Ильхам Әлиев халықаралық әуежайда Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді. Ол 27 желтоқсанда Әзірбайжан тарапы Ресейге өз талаптарын ресми түрде жеткізгенін мәлімдеді.

«Бұл талаптардың мәні неде? Біріншіден, Ресей тарапы Әзірбайжаннан кешірім сұрауы керек. Екіншіден, өз кінәсін мойындауы керек. Үшіншіден, кінәлілер жазаланып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек, ал Әзірбайжан мемлекетіне, зардап шеккен жолаушылар мен экипаж мүшелеріне өтемақы төлеу керек. Бұл – біздің шарт. Оның біріншісі кеше орындалды. Қалған шарттарымыз да орындалады деп үміттенемін», – деді Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев.

Ол мұндай талаптардың барлығы әділетті екенін атап өтті.

«Бұл жерде ерекше немесе шектен тыс ештеңе жоқ, мұның бәрі халықаралық тәжірибеге  негізделген. Әзірбайжан бұл іс туралы толық хабардар болады», – деді Әзірбайжан Президенті.

Ильхам Әлиев Ақтау маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау себептерін айтты

«Бастапқы нұсқалар да жеткілікті түрде негізделген және фактілерге негізделген. Әзірбайжан ұшағы Ресей аумағында, Грозный қаласының маңында зақымданып, іс жүзінде істемей қалған. Сондай-ақ ұшақтарымыз бақылаусыз боп кетті. Бұл – ұшаққа келтірілген бірінші залал», – деді Әлиев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!