Фото: архив

Конго билігі қауіпті вируспен күресуді бастады. Маймыл шешегіне қарсы алғашқы екпе егу Африкада басталды. Конго Демократиялық Республикасында mpox вирусына қарсы алғашқы екпе науқаны басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Вакцинация Солтүстік Киву провинциясының Гома қаласында басталды. Науқанның басты мақсаты – елді шарпыған індетті тоқтату. Биыл Африкада mpox вирусына күдікті 30 мыңнан астам жағдай тіркеліп, мыңға жуық адамды аман алып қалу мүмкін болмағаны хабарланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!