Фото: J. Cuinieres/Roger Viollet via Getty Images

Жексенбі, 18 тамызда атақты француз актері Ален Делон дүниеден өтті. Ол 88 жаста еді. Актердің өлімі туралы француз ақпарат құралдары мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетейік, 2019 жылы Ален Делон қос инсульт алып, отадан кейін Швейцарияға көшті. Өмірінің соңғы жылдарында актер Альцгеймер ауруымен ауырды.

Қаңтарда Ален Делонның әрекет қабілеттілігі шектеулі екені белгілі болды. 88 жастағы әртіс өзінің жылжымайтын мүлкіне билік ету құқығынан айырылды.

Ален Делон өткен ғасырдың 60-80-ыншы жылдардағы театр және кино актері, сонымен қатар режиссер, продюсер және сценарист.

Ол » «Рокко и его братья», «На ярком солнце», «Самурай», «Двое в городе» фильмдеріндегі рөлдерінің арқасында үлкен атаққа ие болды. Делон «Наша история» фильмі үшін «Сезар» сыйлығының және Халықаралық Берлин кинофестивалінің құрметті иегері атанды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!