Фото: RAI репортажынан
Италияның Анкона қаласына жақын жерде бірнеше апта бойы балдырлар Адриатика теңізінің бетін басып қалды. Бұл табиғи құбылыс судың температурасы көтерілген кезде болады және мұндай жағдай Еуропаның барлық теңізінде кездеседі. Бұл туралы Kazinfоrm агенттігі Euronews-тың ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.
Жазғы демалысын Адриатика теңізінің жағажайларында өткізген демалушылар су бетінде қалқып тұрған балдырларды байқаған. Олар шомылуға келген адамдар үшін қауіпті деп саналмаса да, денеге жабысып қалады.
Демалушы туристер балдырлардың шырышты әрі жабысқақ екенін судан шыққанан соң сезген.
Балдырлар санының көбеюі Италияның солтүстік аймақтарында да байқалады.
Ұлттық мұхиттану және қолданбалы геофизика институтының есебіне сәйкес, Триест шығанағындағы балдырлардың мөлшері 2007 жылдан бері ең жоғары деңгейге жеткен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!