Фото: depositphotos.com

АҚШ Израильге құны 20 миллиард доллардан асатын қосымша қару-жарақ экспортын мақұлдады, – деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

13 тамыз күні мемлекеттік департамент хабарлағандай, әңгіме 50-ге жуық F-15 жойғыш ұшағы мен 33 мың бірлік оқ-дәрі туралы болып отыр.

«Бұл «Израильдің жаудың ағымдағы және болашақтағы шабуылдарына жауап беру қабілетін» жақсартуы керек», – деп атап өтті департамент.

«АҚШ Конгресіне жіберілген хабарламаға сәйкес, F-15 жойғыштарының құны 18,25 миллиард долларды құрайды және олар 2029 жылы жеткізілуі тиіс», – делінген мақалада.

Сонымен қатар, Израиль Қорғаныс министрлігі де АҚШ-тан 50 мыңға дейін минометтер мен әскери көліктер сатып алады.

Мамыр айында АҚШ президенті Джо Байден Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы әскери операцияда қолданылуы мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты Израильге ұшақ бомбаларын жеткізуді тоқтатқанын мәлімдеді. Алайда Вашингтонның пікірінше, бұл шешім қарудың басқа түрлерін жеткізуге әсер еткен жоқ.

Мемлекеттік департамент Америка Құрама Штаттарының F-15 жойғыш ұшақтарын жеткізу арқылы «Израильдің қауіпсіздігін сақтауға міндеттелетінін» түсіндірді.

Еске салайық, АҚШ Иранның Ресейге жүздеген баллистикалық зымыран жеткізуді жоспарлап отырғаны туралы ақпаратқа алаңдаушылық білдірді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілдері Тегеранда Фатх-360 және кейбір басқа да баллистикалық жүйелерді жеткізу туралы келісімге қол қойған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!