фото: newsinfo.ru

АҚШ Қорғаныс министрлігі стратегиялық қолбасшылығының өкілі, контр-адмирал Томас Бьюкенен Ресеймен ядролық соққылар алмасу шарттарын атады, деп хабарлайды Halyq Uni Новостиге сілтеме жасап.

Бұл ретте Пентагон өкілі журналистердің ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі туралы сұрағына жауап берген.

Ядролық немесе ядролық емес қару қолдану туралы айтсақ, біз соққы жасағымыз келмейді. Дегенмен егер ондай қажеттілік туындаса, АҚШ үшін ең қолайлы шарттарда әрекет ету маңызды, – деді ол Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында сөйлеген сөзінде.

Алайда Томас Бьюкенен АҚШ-тың ядролық соққыларға қарсы екенін баса айтты. Өйткені олар «әлемдік үстемдіктен айырмайтын» шарттарды ең қолайлы деп санайды. Яғни мемлекет үшін стратегиялық қару қорының сақталуы маңызды.

Жеңіске жету үшін барлық ресурсты жұмсау дұрыс емес. Бізде резерв болуы қажет, – дейді контр-адмирал.

Сондай-ақ Стокгольм бейбітшілікті зерттеу институтының деректеріне сілтеме жасаған РБК 2023 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша, Ресейде 4,5 мың, АҚШ-та 3,7 мың ядролық оқтұмсық бар екенін жария етті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!