АҚШ пен Израиль авиациясы Йеменнің солтүстігін билеп отырған, «Ансар Алла» шиит қозғалысының (хуситтер) тобына әуе шабуылдарын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Деректерге сүйенсек, америкалық және израильдік жауынгерлер сананың оңтүстік-батысындағы “Ансар Алла” қозғалысының зымыран бригадаларының штабы орналасқан Аттан тауына екі рет соққы берген.

“Тағы бір әуе шабуылы Нукум тауындағы Эль-Хафа әскери лагерінде болды. Ол Сананың шығыс жағында», – делінген баспасөз бетінде.

Кейінірек Пентагонның Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) АҚШ-тың Санадағы соққыларының мақсаты зымыран қоймасы мен хусит операциялық орталығы деп мәлімдеді.

«CENTCOM күштері Оңтүстік Қызыл теңіздегі, Баб-эль-Мандеб бұғазындағы және Аден шығанағындағы АҚШ әскери-теңіз күштерінің әскери кемелері мен сауда кемелеріне жасалған шабуылдарды азайту үшін хусит операцияларын бұзу және әлсірету мақсатында әдейі соққы жасады», – делінген командалық хабарламада.

Қызыл теңіздегі операция кезінде Йемендік хуситтердің бірнеше дрондары атып түсірілді. Кемеге қарсы зымыран да жойылды.

Израиль мен Йемен Газа секторында Израиль операциясы басталғаннан кейін бір-біріне соққы жасауда. Йемендік хуситтер Израиль күресіп жатқан ХАМАС тобын қолдайды.

Хуситтер АҚШ пен Ұлыбританиямен байланысты кемелерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Соңғы апталарда кем дегенде екі америкалық эсминец шабуылға ұшыраған. Мұны Пентагон да растады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!