Фото: ria.ru

Трамптың штатқа сапары кезінде Аризона штатының қарт тұрғынына іздеу салынды. Ер адам Республикалық партиядан президенттікке үміткерді өлтіремін деп қорқытқан, деп жазады DW.

АҚШ-тың Аризона штатындағы Кочиз округінің полициясы бұған дейін әлеуметтік желіде АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трампты өлтіремін деп бірнеше рет қорқытқан 66 жастағы Рональд Сиврудты қамауға алды. Бұл туралы 23 тамыз, жұма күні округ шерифі хабарлады.

Сивруд «соңғы екі апта ішінде» аты аталмаған әлеуметтік желілерде «кандидатқа дене жарақатын салу туралы сөздер жазылған» екі хабарлама жариялаған. Хабарламалардың бірі 21 тамызда, Трамп штатқа келерден бір күн бұрын жарияланған.

Сивруд бұған дейін де басқа да құқық бұзушылықтарға қатысқан, атап айтқанда, көлікті мас күйінде жүргізу, қылмыс орнынан қашу және сексуалды сипаттағы қылмыс жасау бойынша іздеуде болған.

Шериф кеңсесі ер адамның «қылмыссыз қамауға алынғанын» айтты. Ол туралы ақпарат АҚШ-тың құпия қызметіне берілді, олар қосымша тергеу жүргізіп жатыр.

Дереккөз: KAZINFORM

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!