Фото: x.com/LastQuake

АҚШ-тың Калифорния штатында күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Геологиялық қызметінің мәліметінше, оның эпицентрі Атлант мұхитында, Петролия қаласынан 63 шақырым батысқа қарай орналасқан. Солтүстік Калифорнияда магнитудасы 7,3 болатын жойқын жер сілкінісі болды, билік цунами туралы ескерту жариялады.

АҚШ-тың Геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер асты дүмпулері таңғы сағат 10:44-те Орегонмен шекараға жақын орналасқан Гумбольдт округінің жағалауындағы Ферндейл шағын қаласынан батысқа қарай тіркелген.

Дүмпулер Сан-Францискоға дейін сезілді, мұнда тұрғындар бірнеше секунд бойы тербелістерді байқады. 

Сан-Франциско мен Окленд арасындағы суасты туннелі арқылы жүретін BART жылдам жүрдек электр пойыздары барлық бағытта қозғалысын тоқтатты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!