Фото: Pixabay.com

Джо Байден президент сайлауына қайта түспейтін болды. Бұл жайлы АҚШ президенті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Бірақ президет сайлауына үміткер ретінде өзінің орынбасары, вице-президент Камала Харристі ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Ал республикалық партияның Конгрестегі өкілдері Ақ үй басшысын отставкаға кетуді талап етіп жатыр.

Байден өткен айдың соңында басты қарсыласы Трамппен өткен теледебат кезінде бірнеше рет сөзден жаңылып, өзін сәтсіз көрсеткен соң халық арасында беделі күрт түсіп кеткен еді. Тіпті ең жақын жақтастарының ішінде де одан екінші рет президент сайлауына түсуден бас тартуды талап етушілен көбейген. Ал демеушілер сайлау науқанына қарастырған 90 миллионнан аса доллларды бермей тоқтатып тастаған-ды. Алғашқы күндері бұған наразылық білдіріп, құдайдан бұйрық келмей сайлаудан бас тартпаймын деп мәлімдеген Ақ үй басшысы арада екі апта өткенде райынан қайтуға мәжбүр болды.

Reuters мәліметінше, Харриске сайлауға қатысуға 1976 дауыстың өзі жеткілікті еді, дегенмен ол 2538 дауысқа ие болған.

Әртүрлі дәрежедегі қылмыскерлермен күрестім. Әйелдерді қорлайтын агрессорлармен күрестім. Адамдарды алдаған алаяқтармен күрестім. Бұл кампанияда Трамптың жетістіктеріне қарсы өз жетістіктерімді мақтанышпен ұсына аламын, ­-  ­деді Харрис өз сөзінде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!