Anduril компаниясының YFQ-44A атты «ұшқышсыз жойғыш» прототипі алғашқы ұшуын орындады, деп хабарлайды “Адырна”.
The War Zone басылымының оқырманы Оңтүстік Калифорниядағы Викторвилл авиабазасында ұшып бара жатқан YFQ-44A ұшағының суреттерін журналистермен бөліскен. Ұшқышсыз аппаратты екі L-29 «Дельфин» оқу-жаттығу ұшағы сүйемелдеген.
YFQ-44A – АҚШ ӘӘК-нің «Бірлескен ұрыс ұшу аппараты» (Collaborative Combat Aircraft, CCA) бағдарламасының бірінші кезеңі аясында әзірленіп жатқан екі жобаның бірі. Екінші жоба – General Atomics компаниясының YFQ-42A ұшағы, ол биылдың басында алғаш рет әуеге көтерілген болатын.
Жаңа жойғыш көпфункциялы ұшқышсыз платформа ретінде жасалған. Ол пилотталған жойғыштармен бірлесе әрекет етуге де, сондай-ақ дербес ұрыс жағдайында барлау жүргізіп, соққы беруге де қабілетті.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың Харбин қаласында Harbin United Aircraft Technology Co., Ltd. корпорациясы әзірлеген T1400 атты ауыр салмақты ұшқышсыз тікұшақ өзінің алғашқы сынақтық ұшуын сәтті орындағанын хабарладық.
Бұл әуе аппаратының ең жоғары ұшу массасы – 1400 килограмм, әуеде сегіз сағатқа дейін ұша алады. Оның жұмыс биіктігі – 6500 метр, ал көлденең ұшу жылдамдығы – сағатына 180 километрге дейін жетеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
