Фото: Sputnik / Антон Денисов

Sputnik. АҚШ әлі де Украинаның америкалық қару-жарақпен Ресейдің терең аумағына соққы жасауын қолдамайды, деп мәлімдеді Пентагон ресми өкілінің орынбасары Сабрина Сингх.

«Біз Ресей аумағына ұзақ қашықтықтан тереңдетілген соққы беруді қолдамаймыз», – деді Сингх брифинг барысында Украина қарулы күштерінің Курск аймағына жасаған шабуылына түсініктеме бере отырып.

Сонымен бірге, шенеунік АҚШ-тың пікірінше, Курск аймағындағы қазіргі жағдай украин қақтығысының өршуіне қауіп төндірмейтінін айтты.

Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген.

Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы «отпен ойнап отыр» деп мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!