Фото: istockphoto.com
Ауғанстанның солтүстігіндегі Бағлан провинциясындағы шатқалға жолаушылар автобусы құлап кем дегенде 17 адам қаза тауып, тағы 34 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Мавлави провинциясының полиция өкілі Шир Ахмад Бурхани хабарлады.
«Сейсенбі күні таңертең Хинджанг округінде апат болып, оның салдарынан 17 жолаушы, оның ішінде үш бала, екі әйел және 12 ер адам қаза тапты», – деп хабарлады ол.
Тағы 34 адам, оның ішінде әйелдер мен балалар жарақат алды, зардап шеккендердің кейбірі ауыр жағдайда. 4 шілдеде осындай оқиғадан бір адам қаза тауып, елдің батысындағы Герат провинциясында тағы 15 адам зардап шекті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!