фото: baq.kz

Абай облысының биология пәні мұғалімі шетелдік танымал әнші Ники Минаждың альбомына саунд-продюсер болды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Музыка әлемінде @eraholic лақап атымен танымал Ерқанат Садуханов – Абай облысы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында биология пәнінен сабақ беретін мұғалім. Жас мұғалім өз парақшасында Ники Минаждың «Pink Friday 2» делюкс-альбомына саунд-продюсер болатынын ресми түрде жариялады.

Бұған дейін @eraholic Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген. Енді ол Ники Минаждың тыңдармандарына ерекше жаңалық дайындағанын жеткізді, – делінген мәліметте.

Туынды 2024 жылғы 13 желтоқсан шығады деп жоспарланған. Альбомның кеңейтілген нұсқасы 2023 жылғы түпнұсқаның бір жылдық мерейтойына арналып отыр және тыңдармандарға жаңа әндер ұсынылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!