Фото: Munir Uz Zaman/AFP via Getty Images

Бангладеш астанасы Даккада көпқабатты үйдегі өрттен кем дегенде 43 адам қаза тапты. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жергілікті БАҚ хабарына қарағанда, жеті қабатты мейрамханада жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 22.00 шамасында басталған өрт тез арада бүкіл ғимаратқа тарап, ондаған адам өрт құрсауында қалған.

Өртсөндірушілер тілсіз жаудың бетін қайтарғанымен, оның шығу себебі әлі белгісіз.

Елдің Денсаулық сақтау министрі Саманта Лал Сеннің айтуынша, қаза тапқан 43 адамның арасында әйелдер мен балалар бар, тағы ондаған адам күйік бөліміне жеткізілген.

«Біз баспалдақпен көтеріліп келе жатқан түтінді көрген кезде алтыншы қабатта едік», – деді журналистерге қашып үлгерген мейрамхана менеджері Сохель. – Көптеген адам баспалдақпен жоғары көтерілді, бірақ біз су ағатын құбырмен төмен түстік. Кейбірі жоғарғы қабаттардан секіріп, жарақат алды».

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!