Фото: Paras Griffin/Getty Images
Ауыр қылмыс жасады деп айыпталып жатқан рэп орындаушы P. Diddy қамауға алынғаннан соң алғаш рет желіде жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
P.Diddy лақап атымен күллі әлемге танымал рэп орындаушы Шон Комбс қамауға алынған соң, алғаш рет Instagram-дағы парақшасында жазба жариялаған. Өнер иесі қызының суретін бөлісіп, оны туған күнімен құттықтады.
«Туған күніңмен, Лав. Әкең сені жақсы көреді», – деп жазды рэп орындаушы.
Әнші бұл жазбасының астына пікір қалдыру мүмкіндігін шектеген. Шон Комбстың бұл құттықтауы 10 сағатта 300 мың лүпілге ие болды.
Айта кетейік, жақында көпшілікке P. Diddy лақап атымен танымал рэпер Шон Комбс адам саудасы мен басқа да бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Ол 16 қыркүйек күні Нью-Йоркте ұсталып, қамауға алынды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!