Фото: VRT NWS
Бүгін Бельгияда Еуропарламентке, федералды және аймақтық деңгейдегі өкілді органдарға сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8-де ашылып, сағат 16.00-де жабылды. Бельгияда сайлаушылар дауыс беруге міндетті және келмесе, айыппұл арқалауы мүмкін.
8 359 908 бельгиялық сайлауға қатысуға шақырған хат алды. Бұл санға еуропалық сайлауда алғаш рет дауыс бере алатын 16 және 17 жастағы 244 мың жас сайлаушы кіреді. 255 мың бельгиялық шетелде дауыс беруге тіркелді.
Федералды деңгейде премьер-министр А.Кроо басқаратын басқарушы коалицияға социал-демократтар, жасылдар, либералдар және христиан-демократтар кіреді.
Фландрияда заңсыз көші-қонға қарсы шыққан әсіре оңшыл «Флаамс беланг» партиясы танымал бола бастады. Валлонияда жергілікті социалистердің ұстанымы күшті болып қала береді.
Учаскеге барар алдында А.Кроо велосипедпен наубайханаға барып, жергілікті баспасөзге түсініктеме берді.
Алғаш рет корольдік отбасының төрт мүшесі дауыс беріп жатыр: король Филипп пен патшайым Матильданың балалары – тақ мұрагері Элизабета ханшайым (22 жаста), ханзада Габриэль мен Эммануэль және Элеонора ханшайым (16 жаста).
Хабарланғандай, сайлауға Брюссель аймағының парламентіне партиялық тізім бойынша үміткер ретінде бұрынғы қазақстандық Назгүл Балмұханова да қатысып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!