Фото: VK/samregion_press
Ресейдің Самара облысында жақында дене шынықтыру күні өтті. Іс-шара барысында бес жасар қыз пышақ лақтыру бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жетістік облыс губернаторының баспасөз қызметінің хабарламасынан белгілі болды.
«Самарадан келген 5 жасар спортшы Любава Яковлева спорттық пышақ лақтыру бойынша Ресейдің жаңа рекордын орнатты. Қыз 5 минут ішінде 2 метр қашықтықтан нысанаға 88 пышақ тигізді», — делінген хабарламада.
«Сова» басылымының хабарлауынша, қыз жаттығуға екі жасында қатыса бастаған. Ол өзінің алғашқы рекордын үш жасында 37 рет нысанаға алып орнатқан, биыл бұл рекорд 3 есеге жуық өсті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!