Фото: instagram.com/thisisbillgates
KAZINFORM – Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс АҚШ-тағы атом энергетикасын дамытуға миллиардтаған доллар инвестиция салу ниеті туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ria.ru.
«Мен оған миллиардтан астам доллар салдым және тағы да миллиардтаған инвестиция саламын», – деді Гейтс CBS арнасына берген сұхбатында.
Оның пікірінше, Қытай қазіргі уақытта ядролық реакторларды ең көп салып жатыр. Бірақ Құрама Штаттар шетелдік бәсекелестерден озып кетуі керек. Гейтс қазіргі америкалық ядролық реакторлардың тым қымбат екенін атап өтті.
Сондай-ақ ол TerraPower жетекшілігімен Вайомингте атом электр станциясын салу жобасын 2028 жылдан 2030 жылға шегеруге тура келгенін еске салды. Себебі АҚШ Ресейден келетін жанармай ағынын шектеу туралы шешім қабылдады. Дегенмен Гейтс компанияның Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкада жанармай жеткізушілері бар деп қосты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!