Фото: Nathan Laine/Bloomberg

KAZINFORM — Әлемдегі ең бай адамдардың үштігін қазір тек америкалықтар басқарады. LVMH қожайыны Бернар Арно Bloomberg Billionaires Index жариялаған рейтингте төмен түсіп қалды.Индекс атап айтқанда компания акцияларының құнына қарай есептеледі, деп жазады ТАСС.

Оның мәліметі бойынша, X және Tesla иесі Илон Маск 235 миллиард доллар байлығымен рейтингтің көшбасшысы болып қала береді. Америкалық Amazon онлайн-ретейлерінің негізін қалаушы Джефф Безос бұрынғыша екінші орында, оның байлығы 193 миллиард долларға бағаланды. Үшінші орынға Meta корпорациясының басшысы Марк Цукерберг көтерілді, оның байлығы 188 миллиард долларды құрады.

Француз Арно 184 миллиард доллар активтерімен рейтингте төртінші орынға төмендеді. Осылайша, әлемдегі ең бай үш адам АҚШ азаматтары атанды.

Bloomberg 2012 жылдың наурыз айынан бастап планетадағы ең бай 500 адамның байлығы туралы ақпаратты қамтитын Bloomberg Billionaires Index-ті жариялап келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!