Осылайша, 3 мыңға жуық көлікті тасымалдайтын Morning Midas жүк кемесі өрттің салдарынан мұхит түбіне түсіп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кеме Аляскадан 480 шақырым жерде бара жатқанда бортында өрт шыққан.
– Экипаж өртті сөндіру үшін шаралар қабылдады, бірақ жағдайды бақылауға алу мүмкін болмады, – делінген Zodiac Maritime басқарушы компаниясының мәлімдемесінде.
Абырой болғанда, АҚШ жағалау күзеті жақын жерде жүзіп келе жатқан сауда кемесіне 22 теңізшіні эвакуациялап үлгерген.
Алып кеме бортында барлығы литий-ионды аккумуляторлардан қуат алатын 800-ге жуық электромобиль болған. Сол себепті, өрт бірнеше апта бойы сөнбеген. Өйткені, батареялардың бұл түрі жанған кезде көп жылу шығарады әрі сөнгеннен соң да қайта жануға қабілетті.
Кеме кеше, яғни 24 маусым күні өрт пен күн райының қолайсыздығынан суға толық батып кетті. Кеме бортына Мексика нарығына арналған қытайлық көліктер тиелген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!