Фото: x/david_ordaz

Бразилияда кем дегенде 60 адам қаза тапқан ұшақ апатына байланысты үш күндік аза тұту күні жарияланған болатын. Оншақты жолаушы рейстеріне кешіккендіктен аман қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

G1 агенттігінің мәліметінше, сол күні 10 адам апат болған ұшақтың бортына әуе компанияларын шатастырып алғандықтан отырмаған. Бұл жолаушылар рейске тіркелуге кешігіп келгендіктен әуежай қызметкері олардың ұшуына рұқсат бермеген.

Біз ұзақ дауластық. Қазір ғана оның біздің өмірімізді құтқарғанын түсініп отырмын, – деп ағынан жарылды рейске жіберілмеген бақытты жолаушылардың бірі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!