KAZINFORM – 2024 жылы Иран 901 адамды, оның ішінде желтоқсан айында 40-қа жуық адамды бір аптаның ішінде өлім жазасына кесті, деп жазады DW.
Бұл туралы сейсенбі, 7 қаңтарда Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының кеңсесі мәлімдеген.
Көп жағдайда ең жоғары жаза есірткіге қатысты қылмыстар үшін тағайындалған, сонымен қатар диссиденттер мен 2022 жылғы наразылық акциясына қатысқандар да өлім жазасына кесілген. Сонымен қатар, өлім жазасына кесілген әйелдердің саны артты, делінген мәлімдеме.
2023 жылы Иранда 853 адам өлім жазасына кесілген болатын.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрік болып жатқан оқиғаларға алаңдаушылық білдірді.
– Иранда өлім жазасына кесілген адамдар санының жыл өткен сайын көбейіп бара жатқаны қатты алаңдатады, Иранның бұл үнемі артып келе жатқан «өлім жазасына кесу» ағынын тоқтатудың уақыты келді, – деді ол.
Фолькер Түрік Тегеранды жазаны түпкілікті жою мақсатында оған мораторий енгізуге шақырды. Тыйым салу немесе мораторий әлемнің 170-ке жуық елінде енгізілген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!