Фото: Sputnik / Константин Михальчевский

Sputnik. Ресей Украинамен дәл қазіргі кезеңде диалог жүргізбейді, деп мәлімдеді РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков. Бұл туралы РИА Новости агенттігі Life.ru-ға сілтеме жасап хабарлады.

«Бұл кезеңде, яғни қазіргі жағдайды ескере отырып, біз диалог жүргізбейміз», – деді ол.

Ушаков ықтимал келіссөз процесіндегі үзілістің ұзақтығы қалыптасқан жағдайға байланысты болатынын айтты.

«Білмеймін, бұл қалыптасқан жағдайға, соның ішінде ұрыс даласындағы іс-қимылға байланысты болады», – деді президент көмекшісі.

Ресей президенті Владимир Путин 12 тамызда Курск аймағына жасалған шабуылдың аясында Киевпен келіссөздің келешегі туралы айтып, бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасайтындармен келіссөз туралы айту мүмкін емес деп мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!