Дамаск қаласындағы Дувейла ауданында орналасқан Мар Элиас шіркеуінде жанкешті жарылыс жасады. Салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Сирияның Ішкі істер министрлігі шіркеуде жарылыс жасаған адамның «Ислам мемлекеті» ұйымының мүшесі болғанын мәлімдеді (бұл ұйым Ресейде террористік деп танылып, тыйым салынған). Террорист шіркеуге кіріп, оқ атқан, кейін жилетіндегі жарылғыш затты іске қосқан.
Қауіпсіздік қызметіндегі аты-жөнін атамауды өтінген дереккөздің айтуынша, шабуылдағандар екеу болған. Оның бірі — өзін жарып жіберген жанкешті.
Ал кейін жарияланған деректерде лаңкестік жасаған адамның жалғыз болғанын көрсетілген. AFP агенттігіне сұхбат берген куәгердің айтуынша, біреу шіркеуге қарумен кіріп, оқ ата бастаған. Сондай-ақ адамдар оны тоқтатуға тырысқанына қарамастан ол өз-өзін жарып жіберген.
Асад желтоқсан айында биліктен құлатылғаннан кейін, Сириядағы шіркеулерге бірнеше шабуыл жасауға әрекеттерге «ИМ» (Ислам мемлекеті) ұйымы жауапты еді. Алайда бұл жолы іс насырға шапты.
Телетрансляция кадрларынан шіркеудің іші қирап жатқанын, сондай-ақ қанға боялған еден мен сынған орындықтарды көруге болады.
Мар Элиас шіркеуі — Константинополь патриархатына қарасты грек православ шіркеуі.
Грецияның Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны қатаң айыптап, мәлімдеме жасады:
«Біз Сирияның ауыспалы билігінен кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауын және христиан қауымдастықтары мен басқа да діни топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеміз. Олар еш қорқынышсыз өмір сүруге тиіс», – делінген Греция сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!