Фото: Getty Images/Reuters
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп пен қазіргі вице-президент Камала Харрис 10 қыркүйекте ABC алаңында пікірталас өткізуге келісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Республикалық партиядан президенттікке кандидат Трамп пен оның демократиялық қарсыласы Харрис эфирдегі дебатқа қатысатындарын растады», – делінген ABC мәлімдемесінде.
Трамп Флорида штатындағы Палм-Бичте өткен баспасөз конференциясынан кейін Харриспен үш раундтық пікірталас өткізуді ұсынды.
Дональд Трамп NBC News және Fox News сайттарына тағы екі раунд ұйымдастырылатынын мәлімдеген, бірақ, вице-президенттің сайлауалды штабы бұған келіскен жоқ, өйткені олар мамыр айында президенттік жарыстан шыққан Джозеф Байден мен Д.Трамп келіскен алғашқы пікірталас кестесіне кірмеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!