Фото: focus.ua

Курск облысындағы мұнай базасына ұшқышсыз дрондар шабуыл жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы dw.com-ға сілтеме жасап.

Шабуыл салдарынан үш жанармай цистернасы өртенген. Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген. Дрондардың шабуылы 28 шілде күні түнгі сағат бір шамасында Курск қаласынан 22 шақырым жерде орналасқан Полевая ауылында болған.

Курск облысында түнде әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері екі ұшақ типті ұшқышсыз ұшақты жойғанын хабарлады. Оның айтуынша, соның салдарынан Медвенка ауылындағы үйлердің бірінде өрт те шыққан.

Ресей Қорғаныс министрлігі түнде Ресей Федерациясының Нижний Новгород облысының үстінде де екі украиндық ұшқышсыз ұшағы жойылғанын хабарлады.

«Өнеркәсіптік нысандар қалыпты режимде жұмыс істеуде», – деп нақтылады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, БАҚ-та Ресейдің Украинаның 11 облысының аумағын 24 сағат ішінде минометтер, танк, артиллерия және зымырандық қондырғылармен атқылағаны айтылды. Украина Қорғаныс министрлігі шабуыл салдарынан 114 елді мекен мен 145 инфрақұрылым нысаны өртке оранғанын, жергілікті тұрғындардың қайтыс болғанын хабарлады.

«Өлген және жараланған бейбіт тұрғындар бар, құрбандар саны анықталуда», – делінген Украинаның мәлімдемесінде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!