Фото: Depositphotos
KAZINFORM – Душанбеде ыстан уланған алты адамнан тұратын отбасы қайтыс болды. Бұл туралы TАСС ақпарат агенттігі жазды.
«Бір отбасының алты мүшесі иіс тиіп қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 28 ақпанға қараған түні Душанбенің солтүстігіндегі Фирдоуси ауданында болған. Жайсыз хабар туралы жедел жәрдем қызметіне көршілері хабарлаған.
Asia-Plus порталының хабарлауынша, үйден 6 мен 11 жас аралығындағы төрт бала мен олардың ата-анасының мүрдесі табылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!