Египетте екі адам Абу-Кир шығанағында Жерорта теңізінің түбінен алынған 448 артефактіні сатуға әрекеттенгені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елдің ІІМ мәліметінше, артефактілер арасында — түрлі бейнедегі 53 мүсін, үш бюст, адам басы бейнеленген 12 қанжар, 14 қола тостаған, 41 балта, 20 қола артефакт және 305 монета бар.

Ғалымдардың есептеуінше, Абу-Кир шығанағындағы су астында батып кеткен ежелгі Гераклион қаласы біздің дәуірімізге дейінгі VIII ғасырда салынған. Ол шамамен 1200 жыл бұрын су түбіне кетті, қазір қаланың қалдықтары 45 м-ге дейін түрлі тереңдікте су астында жатыр. Археологтар оны 2000 жылы тапты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!