Фото: flickr

АҚШ президенттігінен үміткер Дональд Трамп қазіргі америкалық биліктің кесірінен жаһандық ауқымдағы әскери шиеленіс қаупі барын айтып, өз алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы YouTube-тегі RSBN арнасы арқылы тікелей эфирден берілген Калифорниядағы сайлау алды митингі кезінде айтты. Трамп үшінші дүниежүзілік соғысқа жол берілуі ықтимал екенін, ол АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден билігі кезінде үш айдан кейін басталуы мүмкін екенін айтты.

«Мен алдағы үш-төрт айға алаңдаймын, өйткені біздің үкіметтегі адамдар кесірінен дүниежүзілік соғыс жағдайында қалуымыз ықтимал», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!