Фото: pixabay

KAZINFORM – Еуропаның сыртқы әрекеттер қызметі Израиль қаржы министрі Бецалел Смотричтің Палестина аумағындағы басып алынған жерлердің 800 гектарын «мемлекеттің жері» деп мәлімдеуін айыптады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Бұл – Осло Келісімінен кейінгі ең ірі тәркілеу, деп мәлімдеді Еуропаның сыртқы әрекеттер қызметінің өкілдері.

Еуропаның сыртқы әрекеттер қызметінің ресми өкілі Петер Стано Батыс жағалаудағы израильдіктер қоныстанған жерлер халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзу болып табылатынын айтты.

Осы аптада Еуропалық кеңестің мәжілісінде ЕО лидерлері Израиль билігінің Батыс жағалауда басып алынған жерлерде заңсыз қоныстарды одан әрі кеңейту туралы шешімін айыптады. Олар Израильді бұл шешімнен бас тартуға шақырды.

«Еуроодақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы көзқарасы және қарарларына сәйкес, 1961 жылдан бергі шекараның екіжақты келісімсіз өзгеруін мойындамайды. Бұл Еуроодақтың Израильдің қауіпсіздігі және 7-ші қазан күні Израиль азаматтарына жасалған шабуыл енді қайтіп қайталанбаса екен, деген көзқарасымен ұштасып жатыр. Еуродақ мұндай терроризммен сөзбен емес іспен күресуге бел байлаған. Сол үшін де ұйым ХАМАС-тың әрекетін айптайды және санкция салу сияқты өзге де шараларды сенімді түрде жүзеге асырады. Ал Батыс жағалаудағы қоныстарды кеңейту осы мақсатқа кереғар шешім болып отыр. Сондай-ақ ол Изриаль мен Палестина тұрғындарының ұзақмерзімді қауіпсіздігінің кепілі болып табылатын екі елдің тату-тәтті өмірін реттеу перспективасына кері ықпал етіп, өзара шиеленісті ушықтыра түседі»,-деді Брюссельде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!