Фото: Sputnik / Евгений Биятов

Sputnik. Еуропалық Одақтың қару-жарақ пен оқ-дәрі өндірушілері ұзақ жылдар бойы инвестиция тапшылығын бастан кешіріп, қажетті көлемнен әлдеқайда аз өнім шығаруда, деп жазды британдық Financial Times газеті сарапшылар мен сала өкілдеріне сілтеме жасап. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Еуропалық аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі қауымдастығының (ASD) бас хатшысы Ян Пайдің айтуынша, ондаған жыл бойы аз инвестиция тартылуы салдарынан қару өндірісі Ресейге тосқауыл қою үшін қажетті деңгейден төмен деңгейде жүргізіліп жатыр.

Егер мақсат Украинаға жеткілікті қолдау көрсету және Ресейді одан әрі тежеу үшін жеткілікті әскери әлеуетті арттыру болса, онда біз Еуропада әлдеқайда көп көлемде қажетті бөлшектерді сатып алуымыз жәнежылдамырақ өндіруіміз керек, – деді ол басылымға берген сұхбатында.

Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды «отпен ойнап жатыр» деп санайды.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы қақтығысқа тікелей араласуда. Кремль Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету келіссөздерге көмектеспейді және кері әсер етеді деп мәлімдеді

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!