7 маусым күні АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі SLC-40 ғарыш айлағынан SpaceX компаниясының Falcon 9 Block 5 зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұл – Falcon 9 зымыранының 486-шы ұшырылымы.
Зымыран SiriusXM компаниясы үшін салмағы 6400 кг болатын SXM-10 геостационарлық радиоспутнигін орбитаға жеткізді. Бұл спутник Солтүстік Америка тұрғындарына музыка, подкаст және басқа да аудиоқызметтерді ұсынуға арналған.
Ұшырылымда зымыранның бірінші сатысы сегізінші рет қолданылып, Атлант мұхитындағы арнайы платформаға аман-есен қонды. SXM-10 спутнигін америкалық Maxar компаниясы жасап шығарған. Ол SiriusXM орбиталық тобының үшінші буынына жатады және сигнал сапасын жақсартады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!